Қостанайда көп ұзамай тағы бір демалыс алаңы пайда болуы мүмкін. Қаланың солтүстік-батыс ауданында бос жатқан 5 гектарға жуық алқапты абаттандырып, саябаққа айналдыру керек. Пайдаланусыз жатқан жерге ағаш отырғызылып, жарық тартылады. Спорттық, балалар ойын алаңы, веложолақ салынады. Күн мен жаңбырдан қорғайтын самалжай, орындықтар орнатылады.
Шаһар басшысы тиісті салаларға жобалау жұмыстарына кірісу туралы тапсырма берді. Бүгін 20.30-да «ARQA AQPARAT»--тан көріңіздер.