Әлеуметтік қолдау - қоғамның әл-ауқатын айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Зейнетақы, жәрдемақы, мүгедектікті рәсімдеу, қолжетімді орта құру сияқты маңызды мәселелер осы жүйе арқылы жүзеге асады. Облыста аталған бағыттар бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Бұл туралы сала мамандары баяндады.
Облыста 140 мыңнан астам зейнеткер құрады. Ай сайын республикалық бюджеттен зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерге 30 млрд шамасында қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, заңсыз төлемдердің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Зейнетақы тағайындау кезінде ұсынылған құжаттар мұқият тексеріліп, жалған мәліметтер мен еңбек өтілін қолдан жасау фактілері анықталған жағдайда төлемдер қайта қаралады.
Облыста мүмкіндігі шектеулі 29 мың адам бар. Ол халықтың 3,5 пайызы. Оның 4 мыңнан астамы балалар. Жыл сайын 10 мыңнан аса азамат алғашқы және қайта куәландырудан өтеді.