Қазақстандық тасымалдаушылар енді Әзербайжан, Түркия және Қырғызстан аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін электрондық шетелдік рұқсат бланкілерін онлайн рәсімдей алады, деп хабарлайды egov.kz.
elicense.kz порталында шетелдік рұқсат бланкілерін алуға болатын бағыттар тізімі кеңейтілді. Шетелдік рұқсат бланкісі қазақстандық тасымалдаушыға белгілі бір шет мемлекеттің аумағында жүк тасымалдауға құқық беретін құжат. Мұндай рұқсаттар мемлекеттер арасында екіжақты негізде алмасылады. Қызметті Қазақстан Республикасында тіркелген және халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсаты бар көлік құралдарына ие заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер пайдалана алады. Қызмет көрсету мерзімі - 2 жұмыс күні. Дайын рұқсат elicense.kz порталындағы Жеке кабинетке жіберіледі. Бланктің жарамдылық мерзімі - 30 күн. Қызмет құны - бір бланк үшін 1 айлық есептік көрсеткіш, делінген хабарламада.