Жиында Ikomek қызметіне жыл басынан бері 1996 өтініш түссе, оның 67 пайызы шешімін тапқаны да тілге тиек етілді. Ахуалдық орталық жұмысының нәтижесінде қазіргі күні 150-ге жуық ұйым қала тұрғындарымен тікелей байланыста. Операторлар қоңырауларға тәуліктің кез келген уақытында жауап береді. Қазіргі таңда жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі жол таңбаларының жоқтығына қатысты 33 өтініш орындалу үстінде. Әсіресе мемлекеттік мекемелердің маңында, кең
көшелерде және бағдаршам орнатылмаған аумақтарда жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүйеге келтірілуі тиіс.
Айкөмекте әрбір оператор қабылдаған қоңыраулар саны, желідегі әңгімелер ұзақтығы, сондай-ақ орындалған өтініштердің саны есепке алынады. Осылайша, халықтың мүдделі мәселелер бойынша талап-тілектері келіп түсуіне қарай шешіледі. Аудандар бойынша тұрақты мониторинг, бақылау және талдау осы жобаның тиімділігін көрсетіп отыр.