Қостанайда жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті. Өңірдің қала-аудандарынан келген 140-тан астам спортшы үздік атану үшін бақ сынасты.
Осындай турнирлер болашақ чемпиондар үшін нағыз шеберлік мектебіне айналады. Мұндағы жеңіс облыс құрамасына жол ашып, өңір намысын республикалық деңгейде қорғауға мүмкіндік береді. Бұл жолғы бәсекеде медальдар мен кубоктар сарапқа салынғанымен, ең басты сыйлық одан да құнды. Чемпионат жеңімпаздары өз салмақ дәрежесінде бірінші нөмір атанып, Қазақстан чемпионатында Қостанай облысының атынан өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады. Ал одан кейін оларды жаңа сынақтар, жаңа белестер және, мүмкін, ұлттық құрамаға бастар жол күтіп тұр.
Жас былғары қолғап шеберлері үшін бұл жай ғана жарыс емес. Бұл - өз мүмкіндігін дәлелдеуге, тәжірибе жинауға және арманға бір қадам жақындауға берілген мүмкіндік.