Жас дарындарды ұлықтаған «Алтынсарин жұлдыздарының шеруі – 2026» кешінен кейін марапаттау эстафетасы өз жалғасын тапты. Осы іс-шараны «Озат» мамандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты жалғастырды. Мұнда да оқу, ғылым, өнер және спорт салаларында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мен олардың жетекшілері және ата-аналары марапатталды.

«Озат» мектебі ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Осы бағытта мектептің биылғы түлегі Саябек Егінбаев бірнеше жылдан бері түрлі ғылыми жобаларда үздік нәтиже көрсетіп келеді. Биыл халықаралық деңгейде жүлделі орын иеленген оқушы «Озат жұлдызы» атанды.

Озат жұлдызы – 2026» марапаттау кеші биыл Open Air форматында ұйымдастырылды. «Озат» мамандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында олимпиадалық қозғалыс, ғылыми бағыт, спорттық жетістіктер, «Жылдың үздік оқушысы» және «Озат жұлдызы» секілді номинациялар бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздарға арнайы марапаттар табысталды.