Тобыл өңірінде кезекті республикалық «Өрт–2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Аталған іс-шара ҚР Төтенше жағдайлар министрлігімен ұйымдастырылып, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, күштері мен құралдарының төтенше жағдайларға дайындығын пысықтауға бағытталған
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – орман және дала өрттерінің алдын алу, оларды жедел анықтау мен жою тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде әртүрлі қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіру. Соңғы жылдары еліміздің бірқатар өңірлерінде тіркелген табиғи өрттер мұндай дайындық іс-шараларының маңыздылығын арттыра түсті.
Республикалық оқу-жаттығуды мамыр айының соңында Қостанай облысының Алтынсарин ауданындағы Красный Кордон ауылы маңында өткізу жоспарланып отыр. Аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктері мен орман алқаптарының көптігі бұл аумақты тәжірибелік жаттығулар өткізуге қолайлы етеді.