Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қостанай облысына келіп, шаруалармен кездесу өткізді. Жиында көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мәселесі талқыланды. Вице-министр «Кең Дала» және «Кең Дала 2» бағдарламалары арқылы жеңілдетілген қаржы беру тетіктері іске асып жатқанын айтты. Сонымен қатар, жаңа қаржыландыру тетіктері таныстырылып, «Жайлау» бағдарламасы арқылы мал шаруашылығын дамыту және инфрақұрылымды жақсарту жоспарланып отырғаны атап өтілді.

Ауыл шаруашылығы вице-министрімен өткен кездесу барысында көктемгі дала жұмыстарының барысы талқыланды. Кездесуде Азат Сұлтанов көктемгі егіс науқанын уақытылы әрі сапалы жүргізу мақсатында алдын ала қаржыландыру тетігі ретінде «Кең Дала» бағдарламасы іске қосылғанын атап өтті. Оның айтуынша, аталған бағдарлама аясында шаруаларға 5 пайыздық мөлшерлемемен қаржы берілген.