Суға шомылу маусымының басталуына санаулы күндер қалды. Осыған орай, Төтенше жағдайлар қызметі дайындық шараларын бастап кетті. Қостанайда төрт жағажай арнайы жабдықталған. Бұл мәселе қалалық әкімдікте өткен жиында талқыланды.

Былтыр жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында қоғамдық орындарда, оның ішінде жағажайларда алкогольдік мас күйде болған 130 адамға әкімшілік хаттама толтырылған. Сонымен қатар су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 38 дерек тіркелген. 1 кәмелетке толмаған бала және 3 ер адам суға батып кеткен.

Қауіпті аймақтарға «Шомылуға тыйым салынады!» деген 25 ескерту белгісі орнатылған. Қазіргі уақытта қосымша тексеріс жүргізіліп, қажет болған жағдайда белгілер қою жоспарланып отыр.