Полиция департаментінің аумағында киіз үйлер тігіліп, Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз кең көлемде тойланды. Шенді азаматтар бұл күні ресми киімді шешіп, қазақтың ұлттық киімін киіп, мерекелік көңіл-күйге бөленді. Мереке барысында тәртіп сақшылары ұлттық ойындар ойнап, өзара бақ сынасты. Сонымен қатар, қонақтарға арналған дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды.