Қостанайлық жас боксшылар халықаралық аренада кезекті рет ел мерейін үстем етті. Черногорияның Будва қаласында өткен беделді “Адриатика інжу-маржаны” халықаралық жастар бокс турнирінен қостанайлық спортшылар алтын және күміс жүлде иеленіп, өңір намысын абыроймен қорғады. Жеңімпаз жерлестірімізді әуежайдан қостанайлықтар салтанатты түрде күтіп алды.
Қостанай қаласы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Рамина Маханова финалдық жекпе-жекте қарсыласынан айқын басым түсіп, турнирдің алтын медалін жеңіп алды. Жас спортшы жарыс барысында бірнеше мықты қарсыласымен кездесіп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Оның айтуынша, бұл жеңіс – ұзақ уақыттық дайындық пен табанды еңбектің нәтижесі.