Оразаның оңтайлы күнінде Қостанайда жарапазан айтылды. Облыстық мешіт ұйымдастырған мерекелік дәстүр осымен тоғызыншы жыл қатарынан өтіп жатыр.

Жарапазан рамазан айының келгенін хабарлап, халықты жақсылыққа шақыратын жыр түрі. Оны айтудағы ниет – елдің көңілін көтеріп, береке-бірлікті дәріптеу.

Ән салған бір топ адамның ішінде өнерпаздар, мешіт қызметкерлері мен қала тұрғындары бар. Олар сауда орталығын айнала жүріп, әуезді әнмен әрледі.