Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда Қостанай қаласының әкімі дауыс берді. Марат Жүндібаев 15 наурыз - ел тарихындағы ерекше орын алатын, тарихи күн екенін атап өтті.

Таңғы сағат 7. Қостанайдағы №74 учаскелік референдум комиссиясында жұмыс қызу. Мұнда тұрғындар ерте келіп, өз таңдауларын жасауға асығуда. Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев та таң алагеуімнен келіп, референдумға қатысқан алғашқы азаматтардың қатарында болды. Қала басшысы бұл еліміздің болашағы үшін маңызды күн екенін атап өтті.