Әлсіздік, шаршау, ұзаққа созылған жөтел. Бұл, көбіміз маусымдық сырқаттың белгілері болар, деп мән бере бермейтін симптомдар. Алайда ол денсаулыққа аса қауіп төндіретін құрт ауруының алғашқы белгілері болуы мүмкін. Дерттің алдын алу мақсатында және туберкулезбен күрес күніне орай Қостанайдағы нөмірі екінші емханада ашық есік күні ұйымдастырылды
Қостанай қаласының тұрғыны Марфуға Атуллина өз денсаулығына бей-жай қарамайды. Күтінеді. Жылына екі рет дәрігерге қаралып, медициналық тексерулерден өтеді. Бұл жолы ашық есік күніне арнайы келген. Ауру айтып келмейді. Сондықтан, мүмкіндікті пайдалануды жөн көрдім. Артық болмайды, дейді.