Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды әзірледі.
Мемлекет басшысының мал басын көбейту, өнімділікті арттыру, қайта өңдеуді дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін кеңейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды әзірледі. Кешенді жоспар аясында мал шаруашылығын дамытуға арналған жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6% болатын жаңа жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Несиелік қаражат ауыл шаруашылығы жануарларының басын сатып алуға және бордақылау алаңдарын дамытуға бағытталады. Бағдарламаның іске қосылуы шаруаларды қолдауға және Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға қосымша серпін береді деп күтілуде.