Қостанай облыстық Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры көрермендеріне тағы бір ерекше туынды ұсынып отыр. Театр ұжымы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін «Настоящая сказка» спектаклінің жабық көрсетіліміне шақырды.

Пьеса алғаш рет 1981 жылы Ұлыбританияның Ройал-Корт театрында сахналанып, сол жылдың тәуелсіз қойылымы деген атаққа ие болды. Кейін Оңтүстік Корея, Сербия, Германия, Аргентина, Ресей және тағы да басқа мемлекеттерде қойылды. Ал Қазақстанда биыл бірінші рет көрермен назарына ұсынылмақ. Қоюшы режиссер Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек. Бұған дейін де қазақ драма театрында «Періштелер әзілі» спектаклін қойған