Наурыз мейрамы қарсаңында өңірде мәдени іс-шаралар легі басталды. Алғашқылардың бірі – Лев Толстой атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында ашылған «Наурыз дәстүрлері» атты көрме. Экспозицияда сәндік-қолданбалы өнер шебері Мұхаметқали Рахалиевтің туындылары ұсынылған
Мұхаметқали Рахалиевтың әр туындысында қазақ халқының ұлттық үні мен дәстүрі көрініс табады. Ол тек сурет салумен шектелмей, мүсін де жасайды, ұсталық өнермен де айналысады. Айтуынша, бір күні көшеде сынған домбыраны көріп, оны үйіне алып кетеді. Сол аспаптың құрылымын зерттеп, алғашқы домбырасын өз қолымен жасап шығарады. Содан бері халық аспаптарын жасап келеді. Бүгінде шебердің қолынан шыққан музыкалық аспаптардың саны үш мыңға жуық.