Қарасу ауылында ұзақ жылдарға созылған су құбырының құрылысы аяқталды. Орталықтандырылған желі барлық көшеге өткізілді. Алайда жаңа құбыр жүйесінде ақаулар шығып, қыс мезігілі су тоқтаған кездері де болған. Жауапты мамандар оның бәрін алдағы екі-үш айда қалыпқа келтіреміз деп отыр
Қарасудың байырғы тұрғыны Сабыржан Игісенов екі-үш айдан бері ауысуды орталық құбыр өтетін үйінің қасындағы құдықтан алып жүр. Бұрыңғыдай алыстан тасымайды, соған да риза. Жаз шыға суды үйге кіргізіп аламын дейді. Жер асты құбырын өткізіп, жуынатын бөлмесін дайындап қойыпты.