Кейде ең үлкен жеңіс ең кішкентай қадамнан басталады. Қостанайдағы аутизм және басқа да менталдық ерекшелігі бар балаларға арналған күндізгі орталықта дәл осындай жетістіктер күн сайын болып жатыр. Мұнда 170-тен астам бала тәрбиеленуде. Мамандар Каннер синдромының кесапаты жайлы кең ақпарат беріп, бүгінде біршама нәтижеге қол жеткізуде.