Биылғы наурыз ҰБТ-сы басталды. Осы жылы тестілеуге 4 мыңнан астам талапкер қатысады. Олардың қатарында мектеп бітірушілермен бірге өткен жылдың түлектері мен шетелде білім алып жүрген оқушылар да бар.

Наурыз айындағы ҰБТ-ға тіркелу 15–25 ақпан аралығында өтті. Ал тестілеудің өзі 2 наурыз бен 4 сәуір аралығында ұйымдастырылуда. Қостанай қаласындағы филиалда 3500-ден астам түлек тіркелсе, облыс бойынша қатысушылар саны 4000-нан асады. Бұл көрсеткішке биылғы мектеп түлектерімен қатар, өткен жылдардың колледж және мектеп бітірушілері де енгізілген.