Жаһандану дәуірінде отбасылық құндылықтар мен дәстүрлі дүниетанымды қайта жаңғырту аса маңызды. Бұл туралы бүгін «Конституциялық реформа: гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтарға жаңа көзқарастар» атты халықаралық конференцияда айтылды. Жиында жаңа Ата заң жобасындағы неке, отбасы, ана, әке және бала құқығын қорғаудың құқықтық тетіктері кеңінен талқыланды. Сарапшылардың айтуынша, құжатта неке – ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде айқындалып, отбасы институтын мемлекеттік қорғау қағидаты нақты бекітілген.Адан бөлек ата-аналардың балаға қамқорлық жасау және оны тәрбиелеу құқығын ғана емес, міндетін де нақтылайды. Бұл қағида баланың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтарын қорғауға бағытталған.