Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы барлық білім беру ұйымдарында енгізілген болатын. Әрі бағдарламаны дамыту аясында түрлі шаралар да қолға алынғаны белгілі. Осы негізде Қостанайда оқушылар арасында жайдарман ойындары өтті.

Нөмірі бірінші заречный жалпы білім беретін мектебінде жайдарман келешек лигасының финалы өтті. Мектеп сахнасында 5-9 сынып оқушыларынан құралған 9 команда өзара бақ сынасты. Әр командада 7 қатысушыдан бар.