Рудныйда тау-кен техникалық бағыты бойынша «BabySkills» және «JuniorSkills» республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Мұндай ауқымды іс-шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға республиканың 9 өңірінен 100-ден астам адам кеншілер қаласына жиналды. Қатысушылар қатарында мектеп оқушылары мен студенттер ғана емес, сонымен қатар кішкентай балдырғандар да бар.