Қостанайлық жас балуандар елордада өткен жарыстан жеңіспен оралды. Грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының чемпионатында өңір спортшылары 3 алтын, 2 қола медаль жеңіп алып, астықты аймақтың абыройын тағы бір мәрте асқақтатты.