Дәстүрлі сабақтың орнына - бейнедәріс. Қостанай педагогикалық колледжінде «EdMedia» студиясы өз жұмысын бастады. Бұл, студенттерге білімді жаңа форматта беріп, жасанды интеллект арқылы сабақты тың тәсілмен өткізуге мүмкіндік беретін бірегей алаң.
Медиа саласында алғашқы қадамын жасағысы келетін студенттерге таптырмас мүмкіндік. Кәсіби видео түсіру, блог жүргізу, медиа контент жасау. Осының бәрін колледж студенттері енді «EdMedia» студиясында үйренеді. Арнайы құттықтау бейнеролигінен бастап, мазмұнды бейнесабаққа дейін бәрін бір жерде жазып, дайын күйінде алуға болады.