Былтыр облыста «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдардамасын жүзеге асыруға 13,4 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары мәлімдеді. Қомақты қаржы қаншалықты мардымды игерілді? Нендей нақты жоспарлар орындалды? Экология бастаманы халық қаншалықты қолдады?

«Таза Қазақстан» - Президент бастамасымен құрылған жалпыұлттық бағдарлама һәм мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты. Ол азаматтық жауапкершілікті нығайта түсуге, экологияны қорғауға және өз еліне деген сүйіспеншіліктің көрінісі ретінде туған жерді таза ұстаудың тұрақты әдетін қалыптастыруға негізделген.

Тұрғын үй қорын жаңғырту шеңберінде халықтың тұрмыс сапасын арттыруға 3,9 млрд теңге бағытталды. Бұл Қостанай, Арқалық, Рудный, Лисаковск, Жітіқара қалаларында, Қостанай мен Меңдіқара аудандарында 108 көппәтерлі баспананы жөндеуге жағдай жасалды. Осылайша, облыста 3 жылда 500-ге жуық тұрғын үй ретке келтірілді. Саябақтар да назардан тыс қалған жоқ.