Қостанайда жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жаңа жоба бастау алды. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында №22 мектеп оқушыларына арналған «Ғалихан Ержанов атындағы Болашақ прокурорлар клубы» салтанатты түрде ашылды. Бұл бастама жас буынның заңға құрметін қалыптастырып, азаматтық жауапкершілігін арттыруды көздейді.