Тобыл өңірінде цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. 2024-жылы байланыс операторларымен жасалған меморандумдар аясында 44 ауылдық елді мекенде мобильді байланыс іске қосылды. Нәтижесінде 14 мыңға жуық ауыл тұрғыны 4G интернетіне қол жеткізді. Осы мақсатта 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Облыста цифрлық трансформацияны іске асыру мақсатында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында халықты сапалы мобильді байланыс және жоғары жылдамдықты интернетпен қамту – стратегиялық басымдықтардың бірі.