Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Volkswagen» маркалы автокөлік жүргізушісі «Жол қиылыстарынан өту немесе жолдың жүріс бөлігін кесіп өту қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған бап бойынша айыппұл мөлшері 3 Айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Оқиға 7- ақпанда болған. Куәгерлер патрульдік көлік салонындағы әңгімені видеоға түсіріп алған. Кадрларда ер адамның полицейдің қалтасы жаққа қол созғаны, содан кейін екеуінің қол алысып, жолаушының көліктен түсіп кеткені көрінеді. Пікірлерде видео авторы полицейге пара беру сәтін түсіріп алған болуы мүмкін деген болжам айтылған. Сонымен қатар аталған бейнежазбаға байланысты ішкі қауіпсіздік басқармасы тарапынан қызметтік тексеру басталды. Ведомствоның мәліметінше, жүргізуші ақшалай қаражат беру және өзге де

заңсыз әрекеттер фактісін растамаған.