Мемлекеттік қызметшілерге сыйлық беру мен қабылдауға тыйым салынуы – ҚР заңында нақты реттелген маңызды талап. Бұл ереже сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, дұрыс мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету және азаматтардың мемлекетке деген сенімін сақтау мақсатында енгізілген.

Мемлекеттік қызметшіге берілетін ақшалай да, материалдық сыйлықтар, сондай-ақ қызмет көрсету мысалы, тегін емдеу, туристік жолдама, жол шығыны төлемі мемлекеттік функцияларға әсер ету немесе ықпал жасау үшін болса, еліміздің заңға қарама-қайшы келеді.