eGov Mobile мобильді қосымшасында тауарларды цифрлық кодтар бойынша тексеру функциясы қолжетімді болды. Жаңа функционал Naqty Onim сервисі негізінде іске асырылып, пайдаланушыларға цифрлық таңбалау жүйесінен мәліметтерге тез және тегін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта пайдаланушылар жалған өнім жиі кездесетін санаттардағы тауарларды, соның ішінде дәрі-дәрмектерді, темекі бұйымдарын және аяқ киімді тексере алады. eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық кодты сканерлеу арқылы тауардың түпнұсқалығы, өндірушісі, негізгі сипаттамалары және өнімнің шығарылған күні туралы ақпарат көрсетіледі. Ал, 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап сыра мен мотор майларын таңбалау кезең-кезеңімен енгізіледі, ал 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жеңіл өнеркәсіп тауарларына да қолданылады, - делінген хабарламада. Сонымен қатар қазір пилоттық режимде биологиялық белсенді қоспалар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, тұрмыстық химия, газ баллондар және өсімдік майын таңбалау сынақтан өтіп жатыр. Алдағы уақытта бұл санаттағы тауарларды да заңдылығы мен түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік пайда болады.