«Әділетті Конституция және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Қостанай облысына келді. Құрамында Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері және жетекші саяси партия өкілдері бар. Коалицияның негізгі мақсаты – жаңа Конституция жобасы бойынша жан-жақты ақпарат беру.