Меңдіқара ауданында қазақ күресінен облыстық турнир өтті. Дәстүрлі додаға өңірдің түкпір-түкпірінен жүзге жуық жас балуан жиналып, өзара күш пен шеберлікті сынасты. Жарыс 2010–2014 жылдары туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылып, нағыз ұлттық рух пен тартыстың мерекесіне айналды