Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, оның ішінде мемлекеттік органдар жол беретін заң бұзушылықтарды барынша азайту бойынша жұмыстар тұрақты түрде іске асып келеді. Мұндағы басты мақсат - мемлекеттік қызмет түрлерін халыққа қолжетімді ету. Облыста 9 айда 6 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.