Ағайынды Омаровтар - қазақ боксының іргетасын қалаған саңлақтар десек артық емес. Бір әулеттен шыққан төрт ағайынды ел спортының дамуына сүбелі үлес қосқан шебер боксшылар. Олар рингте ғана емес, одан тыс та қазақ спортын дамытуға атсалысып, талай талантты шәкірт тәрбиелеп шыққан..