Қостанайда кітапханашылар күні аталып өтті. Осы салада жұмыс істейтін үздік мамандар марапатталды. Іс-шара барысында кітапхана ісінің дамуына үлес қосқан қызметкерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кітапханашылардың еңбегін бағалап, жастарды осы мамандыққа тартуға мүмкіндік береді.