Биыл Қостанайда жалпы ұзындығы 45 шақырым болатын 90 жол учаскесі жөнделді. Жаңа асфальт төселіп, жиектер орнатылды. Сондай-ақ, тротуарлар салынып, жол белгілері қойылды. Көшелер жарықтандырылды. Қаладағы жол инфрақұрылымының нәтижесін тұрғындар да оң бағалап отыр.