Облыс тұрғындарының 63%-ы мемлекеттік тілді меңгерген. Бүгінгі күннің өзінде 7 мыңға жуық азамат қазақ тілін үйреніп жүр. Олардың басым бөлігі – өзге этнос өкілдері. Мәдениет басқармасының дерегіне сай, аймақта бұл бағытта 20-ға жуық оқыту орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, ана тілінің аясын кеңейту мақсатында көшелер мен әлеуметтік нысандардың атаулары қазақшаланып, жарнамалық баннерлер жаңартылып жатыр.