Грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қостанайлық балуан Юсуф Мациев күміс жүлдеге ие болды. Байрақты бәсеке Сербияның Нови-Сад қаласында өтті. Жерлесіміз ел құрамасы сапында 97 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Жүлдегерді Қостанайлықтар әуежайда салтанатты түрде қарсы алды.