Жұмысшы мамандықтарының жаңа дәуірі басталды. Мемлекет басшысының биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы осы бағытқа үлкен серпіліс берді. Қостанай өңірінде де бұл бастама кең қолдау тапты. Қазіргі таңда арнайы кездесулер, шеберлік сағаттары мен кәсіптік бағыт беру іс-шаралары өткізілуде. Соның бірі Рудный құрылыс және көлік колледжінде ұйымдастырылды.