Қостанайда жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Олар әлеуметтік жобаларды іске асыру мақсатында пайдаланылады. Бүгінгі күні Колесные ряды аумағында су тасқынынан зардап шеккен 25 үй бюджет есебінен сатып алынды. Баспаналарды бағалау құны 890 млн теңгеден асады. Сондай-ақ, қала әкімі шаһарда заңсыз орнатылған жарнамаларға қатысты да нақты тапсырма берді.