Ұлттық медиа - халық үні, ал журналист - жасампаздық жаршысы. Мемлекет басшысының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларды жаңғырту бағытында берген тапсырмалары мен бастамаларын жүзеге асыру барысын ақпараттық қолдауда өңірлік Бұқаралық ақпарат құралдарының еңбегі өлшеусіз. Облыс әкімі Республика күніне орай журналистер арасында өткен байқаудың жүлдегерлерін марапаттады. Жеңімпаздардың қатарында «Қостанай «телеарнасының жас журналистері де бар.