«Халық заңгері» – азаматтарға құқықтық негізде көмек көрсетуге бағытталған республикалық акция. Оның аясында тұрғындарға кәсіби заңгерлер, адвокаттар, мемлекеттік орган өкілдері ақысыз кеңес береді. Мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдесу.