Қоршаған ортаны қорғау, балықтар мен су түбінің тазалығын сақтау секілді шараларды «Варваринское» акционерлік қоғамы тұрақты түрде іске асырып келеді. Кезекті экологиялық акция аясында 20 мыңнан астам сазан шабақтары Аят өзеніне жіберілді. Мақсат - өзеннің экожүйесін жақсарту және табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіру. Мамандардың айтуынша, бұндай бастама өзен фаунасын сақтау мен экологиялық ахуалды жақсартуға септігін тигізеді.