Тобыл қаласында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экофестиваль өтті. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған жиын жас ұрпақтың экологиялық жауапкершілігін арттыруды көздейді. Мәдени іс-шарада ел болашағына бей - жай қарамайтын азаматтар назардан тыс қалмай, марапатқа ие болды.