Қай кезде де ізгілік пен қамқорлық - қоғамның басты құндылығы. Қостанай облысында бастау алған әлеуметтік және мемлекеттік көмек айлығы аясында мемлекеттік қызметшілер көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуде. Игі істің бірі Тобыл қаласында өтті. Оған ұйытқы болған мемлекеттік қызметшілер еңбек ардагері, жалғызбасты зейнеткердің ауласын тазартып, қысқа отын әзірлеп берді.