2027 жылға дейін Қостанай облысында 110 миллионнан астам көшет отырғызылуы тиіс. Орманды қалпына келтіру жоспары Президенттің Жолдауы аясында әзірленген болатын. Қазір өңірдегі орман шаруашылығы мекемелері күзгі ағаш отырғызу жұмыстарына кірісті. Бұл ретте әулиекөлдіктер белсенділік танытып жатыр. Еске сала кетейік, 2022 жылғы өрт кезінде бұл аумақта 40 гектар жер зақымданған болатын.