Қостанай қаласында алаштанушы, ғалым Данияр Ихсанның «Абадан» атты кітабының тусаукесері өтті. Әдеби шығарма Міржақып Дулатұлына арналған. Онда бала Мадияр бейнесі арқылы 21 ғасыр баласының алаш арысына деген көзқарасы мен ойы пікірі баяндалады.