Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және пайдаланушыларды қорғау мақсатында eGov.kz электрондық үкімет порталы мен оның құрамдас бөліктерінде авторизациялау тәртібі жаңартылды. Енді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы бірінші кезеңде жүйеге кіргеннен кейін пайдаланушы өзін 1414 нөмірінен келетін SMS-код арқылы қосымша растауы қажет.