Адал еңбек - адал табыс. Дәл осындай ұстаныммен 45 жыл бойы жылу энергетикалық компаниясында маңдай тер төгіп жүрген, еңбек адамы бар. Ришат Фасхутдинов – қаланың жарты бөлігін жылумен қамтып отыр. Ол күндіз-түні қазандықтың жұмысын мұқият қадағалайды. Тек өз қызметін адал атқарып қана қоймай, жас мамандарды тәрбиелеуді де өзіне парыз санайды. Еңбек адамы жайлы тілшіміз жалғастырады.